Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда жас ана балалар ауруханасының дәрігерлерін өз ісіне салғырт қарады деп кінәлауда

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2014
  • 1467

Ақтауда жас ана балалар ауруханасының дәрігерлерін өз ісіне салғырт қарады деп кінәлап отыр. Айтуынша, екі жасар сәбиі сырқаттанып қабылдау бөліміне келген оған ешкім көмек көрсетуге асықпаған.

Сол күні кішкентай Амелияның құлағы ауырып, анасы тұрғылықты жері бойынша емханаға барады. Алайда учаскелік дәрігердің қабылдау уақыты аяқталып қалғандықтан, ана мен бала облыстық ауруханаға келеді. "Бірақ ондағылар да бізді қабылдамады", - деп ашынады Нүрия Усова. 

Нүрия Усова:

Дәрігер баланы тексерген жоқ. Қабылдау уақытының аяқталғанын айтты. Ертең келіңіз деді. Мен енді қайда барамын деп едім, жедел жәрдем шақыруымыз немесе учаскелік лор дәрігерге баруымыз қажеттігін айтты.

Девушка, у нас течет гной, меня с первого этажа направили к вам, в ваше отделение, вы можете посмотреть ребенка или так и будете молчать?

Дәрігермен арадағы әңгімені Нүрия ұялы телефонына жазып алады. Осы жазбамен ол емдеу мекемесінің басшылығына келді. Мұндағылар сол күні балаға көмек көрсетуге асықпаған дәрігерге қатысты тиісті тексеру басталғанын мәлімдеген.

Камшат Тұрсынбекова, МО балалар ауруханасының бас дәрігері:

Ол тым болмағанда, ары қарай қайда бару керектігін айтып, жол сілтеуі керек еді. Қазір болған жайттың анық-қанығы тексерілу үстінде.

Осылайша бас дәрігер қарамағындағы қызметкерді ақтамайтынын айтып салды. Ал Нүрия Усова келесі күні сәбиін амалсыздан жеке емханадағы дәрігерлерге көрсеткен. Олар кішкентай Амелияның құлағына тиісті ем-домды жасады.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА