Русский Сайттың толық нұсқасы

Білім және ғылым министрлігі Саят Шаяхметов пен осы дауға қатысы бар өзге де азаматтардан 1 млрд теңге қаржы өндірілуін талап етеді

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2014
  • 1393

Білім және ғылым министрлігі экс-вице-министр Саят Шаяхметов пен осы дауға қатысы бар өзге де азаматтардан 1 млрд теңгеден астам қаржы өндірілуін талап етеді. Кезекті сот отырысында ведомствоның өкілі Ільяс Рамазанов осылай деп мәлімдеді. Әйтсе де, жәбірленуші тараптың өкілі сот отырысына дайындықсыз келді ме, адвокаттардың қойған сұрақтарына жауап бере алмай қысылды. Сөзін бастамас бұрын «істің материалдарымен толық таныстым» деген заңгер бірнеше сауалдан соң судьядан дайындалуға уақыт сұраумен болды.

Процесс басталмай тұрып айыпталушылардың қорғаушылары іске бұдан алдын төрелік еткен судьяға туыстығы бар деп Ілияс Рамазановты шеттетуді сұраған. Алайда судья бұл өтінішті қанағаттандырмады. Үзіліс кезінде журналистермен тілдескен айыпталушы Шаяхметов бұрынғы әріптесі заңгер Ілияс Рамазановтың бүгінгі іс-әрекетіне қатысты ештеңе айтпайтынын мәлімдеді. БАҚ өкілдерін жағдайды объективті бағалауға шақырды.

Саят Шаяхметов, айыпталушы:

Ешқандай мәлімдеме жасамаймын, сот залында естігендеріңізді өздеріңіз бағалап, ненің дұрыс, ненің бұрыс, шындық пен жалғанды өздеріңізді айыруға шақырамын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ