Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг уәде еткеніндей Тель-Авивке ұшып келді

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2014
  • 1387

Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг уәде еткеніндей Тель-Авивке ұшып келді. Бен Гурион әуежайында оны Израиль премьер-министрі Бениамин Нетаньяху құшақ жая қарсы алды.

Еске салайық, Блумберг өзінің Твиттердегі парақшасында Израильге ұшатынын жазған. Мақсаты - мұнда ешқандай қауіптің жоқ екенін дәлелдеу. Әлемнің алпауыт әуе компаниялары Тель-Авивке бағытталған рейстерін кейінге шегерген еді. Бұған Бен Гурион әуежайының оқ астында қалу қаупі бар екендігі себеп болған.

Бұл Израильдің ұлттық әуе тасымалдаушы компаниясын шығынға батырды. Беньямин Нетаньяху АҚШ билігінен көмек сұрауға мәжбүр болған. Майкл Блумбергтің әрекеті нәтижесіз емес. Бүгін азаматтық авиация басқармасы Тель-Авивке ұшуға тиым салу талабын алып тастады. Кешкісін бұл елге АҚШ-тың алғашқы ұшақтары ұшып келеді деп күтілуде.

Майкл Блумберг, Нью-Йорктің бұрынғы мэрі:

Осында әр келген сайын әулетіміздің түп тамыры осыдан шыққанын еске аламын. Бұл - әлемнің осы бөлігіндегі жалғыз ғана демократиялық мемлекет. Мұнда келу себебіме тоқталсам, Бен Гурион Израильге келіп кететіндер үшін ең қауіпсіз әуежай деп білемін.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА