Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан Таяу Шығыс елдерін «қауіпті деңгейден» өтпеуге шақырды

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2016
  • 1827

Қазақстан Корей Халықтық Демократиялық Республикасының бұл әрекетін айыптады. Ел билігін ядролық қарудан бас тартып, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея мен Жапонияның қатысуымен 6 жақты форматтағы келіссөздерге қатысуға шақырды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі басшысының айтуынша, Солтүстік Корея БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің бірнеше резолюциясын бұзып отыр.

Ал Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы ушығып кеткен дау қауіпті деңгейге жетпей, келіссөзбен шешілуі керек. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Қазақстан Сауд Арабиясы мен Иран басшылығын қызуқандылыққа салынбай, дипломатиялық қарым-қатынасты қайта реттеуге шақырады. Бірақ министрлік елшіліктерге шабуыл жасалғанын құптамайды. Себебі шетел дипломаттары халықаралық Вена конвенциясына сай қорғалуы тиіс.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы:

Қазақстан Таяу Шығыстағы болып жатқан үдерістерді жіті назарда ұстап, алаңдаушылықпен бақылауда. Әлемдік қауіпсіздіктің мүшесі ретінде, Қазақстан өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қатер төнген кезде және терроризмге қарсы жаһандық күресті ұлғайту қажеттілігі жағдайында Сауд Арабиясы корольдігі мен Иран Ислам республикасының арасындағы қарым- қатынастардың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.