Еуроодақ Ресейге қарсы кезекті
санкциясын енгізбек. Егер бұл орын алса, мұнай бағасы әрбір барреліне 200
долларға жетуі мүмкін. Бұл жаһандық экономиканың дағдарысына әкеледі деген
қауіп бар. "Оксфорд Экономиксқа" сілтеме жасаған Гардиан, осылай деп
жазады.
Сарапшылар пікірінше, Батыс Ресей мұнайы мен газына эмбарго енгізсе,
олардың құны аспандап кетуі ықтимал. Бұлай болған жағдайда, Ресей отынының
экспорты 80%-ға қысқарады. Батыс елдері бұдан зиян шегеді. Жапония мен АҚШ-қа
да оңай тимейді. Осылайша, Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясы тым қымбатқа
түсетін түрі бар. Ресей мұнайын Украина арқылы экспорттау тоқтатылды. Бұл
Еуропаның техникалық рецессияға ұшырауына алып келмек.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА