Алматының орталық көшелерінің бірінде тапа-тал түсте бірнеше гараж өртенді.
Сағат күндізгі үштер шамасында басталған тілсіз жау, абырой болғанда, жылдам
ауыздықталды. Әзірге өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Бас аяғы
140 шаршы метрді құрайтын аумақта орналасқан мына 5 гараж өртке оранған.
Көлікке арналған нысандардың іші ескі-құсқы мектеп жиһазына толы болған. Бұл
қоймалардың нақты кімге тиесілі екендігі белгісіз. Тілсіз жауды ауыздықтауға
қарсы ТЖД-нің 7 техникасы мен 30 өрт сөндіруші маман жұмыс істеді.
Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қаласы ТЖД мемлекеттік өртке қарсы күрес
бөлімінің бас маманы:
Бұл жерде қазір өрттің не себепті шыққаны және кімге тиесілі екендігі
анықталуда. Өрт сөндірушілердің бірден келгендігінен, қалған бокстар аман қалды.
Адам шығыны жоқ.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ