Биыл кешенді тестілеуден өткен талапкердің жартысынан көбі 50 балл шекті
көрсеткішіне қол жеткізе алмады. Шілденің 19 мен 22-сі аралығындағы емтихан
қорытындысы бойынша 56 мыңнан астам түлек қажетті баллды жинай алмады. Білім
және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевтың айтуынша, биылғы тестілеу барысында
жыл сайын қайталанатын тәртіп бұзушылықтар тіркелген.
Сынақтан өткен
түлектерден 46 мыңнан астам рұқсат етілмеген заттар тәркіленіп, өзге адамның
орнына емтихан тапсырғысы келген 144 адам анықталды.Олар тестілеуден
шеттетілген. Сынақтан сүрінбей өтіп, ең жоғары меже 100 балл көрсеткішіне қол
жеткізген 9 түлек бар. Енді олар мемлекет бөлген оқу гранттарына ие болмақ.
Тахир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Гранттардың барлығы 31 шілдеге дейін өтініштерін тапсырып талапкерлер,
сосын сол өтініштердің негізінде республикалық конкурс болады. Бүгінгі таңда
гранттың ең көп бөлінген бағыты - техникалық ғылымдар бағыты, ол 12 мыңнан
астам білім гранты бөлінді, және 5864 орын педагогикалық мамандықтарға, 2650
орын ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына бөлінді.
Брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген шенеунік,
Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің талаптанушылары үш ел оқу орындарының
кез-келгеніне емін-еркін ауысып, одақтас елдердің еңбек нарығына кедергісіз
араласа алады деп мәлімдеді.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ