Бұдан былай бастауыш сынып
оқушыларына арналған оқулықтардың салмағы азаяды. Нарықта ерекше плекс
мұқабалы, яғни жеңіл оқулықтар пайда болмақ. Бұл мектеп сөмкесінің салмағын
жеңілдету үшін жасалып отыр. Осы мақсатта отандық оқулықтар жұмсақ жылтыр
мұқабада әзірленеді. Үшінші және төртінші сыныптарға арналған кітаптар
халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Салмағы бойынша Ресей, Беларусь,
Украина елдерінің санитарлық-гигиеналық талаптарына сай. Аталған ереже бастауыш
сыныптар үшін 300, 5-6 сыныптарға 400, 7-9 сыныптарға 500 граммдық өлшеммен
бекітілген. Айта кетейік, биылдан бастап жоғары сынып оқушыларына арналған
кітаптар да плекс мұқабада шығарылатын болады.
Альмира Сұжықова, «Алматы кітап» ЖШС баспа ісі бөлімінің
вице-президенті:
Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында алғаш рет мына плекс мұқабасына
көштік. Бұл оқулықтар 4 жыл
пайдаланылады. Ал бұл мұқабаның ерекшелігі - ол өте төзімді.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ