Русский Сайттың толық нұсқасы

Иран зымыран қондырғыларының жерасты базасын көрсетті

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2016
  • 1390

Иран билігі жұртшылық назарына зымыран қондырғыларының жерасты базасын көрсетті. Мына кадрларда Иран парламентінің спикері  Али Лариджанидің нысандарды аралап жүргені анық көрінеді.

Айта өтейік, бұл зымырандар - алыс шақырымда әрекет ете алатын Emad баллистикалық жойғыштары. Бұл жөнінде Рейтерс хабарлады. Сарапшылар Иран жерасты базаларын көрсету арқылы жауларына сес көрсетуі мүмкін деп болжайды.

Естеріңізге сала кетейік, Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынасқа үлкен сызат түскен еді. Шиеленіс шииттердің ең танымал өкілі, шейх Нимр әл-Нимр өлім жазасына кесілген соң тұтанған болатын.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА