Русский Сайттың толық нұсқасы

СІМ: Азаматтарымызды соғыс аймағында қалдырмауға барлық мүмкіндіктер жасалады

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1005

Туристік компаниялардың салғырттығына орай, Израильге бір күндік турмен барған қазақстандықтардың нақты санын анықтай алмай отырмыз. СІМ баспасөз хатшысы осыны мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік өкілінің айтуынша, азаматтарымызды соғыс аймағында қалдырмауға барлық мүмкіндіктер жасалады.

Қазір біздің туристерді Израильден Түркияға жеткізу мәселесі жалғасып жатыр. "Қазақстанның Израильдегі елшісі бұл бағытта барынша жұмыс атқаруда", - деді Нұржан Айтмаханов.

Нұржан Айтмаханов, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Қазіргі уақытта 23 Қазақстан азаматы Греция арқылы Израильден Түркияға ұшып кетті. ЕL AL әуе компаниясының алдын ала мәліметіне сәйкес, тағы да 26 азаматымыз Анталияға оралған. Әрине, бұл алдын ала ақпарат. Сонымен қатар 10 қазақстандық азамат консулмен бірге дәл қазіргі уақытта әуежайда. Сонымен қоса, кеше 5 азаматымыз консулдың ескертулеріне қарамастан, өз еріктерімен Палестина аумағына кетіп қалды.

Кешегі жаңалықтарымызда бірнеше ондаған Қазақстандықтың Израиль әуежайынан ұша алмай отырғанын айтқан болатынбыз. Біз телефон арқылы тілдескен азаматтар Түркияға қайта алмай қалғандар санының 60-тан асатынын жеткізген. Күту мен белгісіздіктен қатты шаршаған туристердің арасында балаларын Түркия қонақ үйлерінде қалдырып кеткендер де бар. 

Т.АМАНАЛИЕВА