Русский Сайттың толық нұсқасы

Апатқа ұшыраған алжирлік ұшақтың сынықтары Малидің солтүстігінен табылған

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1150

Апатқа ұшыраған алжирлік ұшақтың сынықтары Малидің солтүстігінен табылған. Бұл туралы француздың «Фигаро» басылымы жазды. Борттың сынықтары табылғаны туралы ақпаратты бұдан алдын Буркина-Фасо әскерінің генералы Жильбер Дьендере хабарлаған болатын. Ол: "Ұшақ қалдықтары Мали аумағындағы Буликесси ауылында Буркина-Фасо шекарасынан 50 шақырым жерде табылды", - деген-ді.

Бүгінде әуе лайнерінің құлаған жерін құтқарушылар зерттеп жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, апаттан тірі қалғандар жоқ. Қазіргі таңда апат орнына Мали президенті Ибрагим Бубакар Кейта аттанды.

Еске салайық, бейсенбі күні радардан жоғалып кеткен ұшақты "Эйр Алжир" испаниялық "Swiftair" компаниясынан жалға алған. Қайғылы аяқталған рейсті орындаушы McDonnell 83 ұшағы Алжирге бет алған болатын. Ұшақта 119 жолаушы мен экипаждың жеті мүшесі болғаны жайлы ақпарат бар.

Жұрағат БАМАН