Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлік министрлігі: Туристік қызметтер нарығын ешкімге жайдан жай бере салмаймыз

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1287

Туристік қызметтер нарығын ешкімге жайдан жай бере салмаймыз. Қазақстан нарығында ресейлік туроператордың пайда болуы отандық фирмалардың банкроттығына алып барады деп ойлау орынсыз. Бұл жөнінде Көлік және коммуникация министрінің орынбасары мәлімдеді.

Әңгіме "Гүлнар турды" да айналып өтпеді. Шенеунік өз кезегінде отандық туркомпаниялардың банкроттығына мүмкіндік бермейтін әкімшілік тетіктердің қарастырылғанын жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан нарығына ресейлік ірі туроператор PEGAS Touristik кірген болатын.

Мереке Пішембаев, ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары:

«Гүлнар турға» қатысты жағдай мәз емес. Бірақ бүгінгі таңда өз туристік компанияларымыз жетерлік. Қазір бұл мәселемен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызу айналысып жатқанын білемін. Нарығымызды жайдан жай бере салмаймыз деп ойлаймын. Қазақстандық компаниялар осы үшін күреседі.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ