Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлдағы әскерилердің тұрғын үй жалдауға кеткен қарызы 7 млн теңгеден асқан

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1567

Петропавлдағы 66/37 әскери бөлімі өз қызметкерлері жалдап тұратын пәтерлердің жалдау ақысын төлемеген. Қарыздың көлемі 7 млн теңгеден асады. Әскери прокуратура тексеріс кезінде осындай заң бұзушылықты анықтады. Тексерудің жүргізілуіне әскери қызметкерлердің жұбайлары тарапынан жасалған шағымдар түрткі болды.

Аймақтың бас әскери прокуроры Нұрлан Алпысовтың айтуынша, жергілікті әскери институтта да қаржылық құйтырқылықтар әшкере болды. Жұмыс орнын енді ауыстырған 20 қызметкерге білім ордасы тиісті көтерме ақыны төлемеген. Құзырлы органдар араласқан соң, аталған әскери нысандар өз қызметкерлері алдындағы берешекті өтеді. 

Нұрлан Алпысов, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

Әскери институт өз қызметкерлеріне 3 млн 346 мың теңгені құрайтын көтермеақыны қайтарды. 66/37 әскери бөлімі де сарбаздардың алдындағы қарызын өтеді. Осылайша 109 әскери қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ