Русский Сайттың толық нұсқасы

Standard & Poors сарапшылары алдағы екі жылда Қазақстан экономикасы өсімінде құлдырау болады деп болжады

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1078

Standard & Poors сарапшылары алдағы екі жылда Қазақстан экономикасы өсімінде құлдырау болады деп болжады. Алайда осыдан азғана уақыт бұрын халықаралық агенттік елімізде жалпы ішкі өнімнің көлемі 5,5 пайызға өседі, 2015 жылға қарай 6 пайызға дейін жетеді деп межелеген-ді. Бұл жаңа болжамын S&P агенттігі Қашаған кенішін игеру жұмыстарының тоқтап тұрғанымен байланыстырып отыр.

Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан экономикасы өсімінде құлдырау қаупінің деңгейі әлі де жоғары. Олар банк жүйесінің тиімділігіне қатысты көрсеткіштердің де төмендігін айтуда. Агенттіктің болжамы бойынша, 2016 жылға дейін елдің жалпы ішкі өнімінің өсу деңгейі 5 пайыздан аспайтын болады. {

Жұрағат БАМАН

}