Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағында шегірткелер тағы қаптады

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2014
  • 1712

Шегірткенің шабуылы толастамай тұр. Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағында зиянкес жәндіктер тағы қаптады. Жергілікті мамандар: "Егістіктің жауымен күресті сәтті өткіздік деп есеп берген едік. Артынша, шырылдауықтар көршілес Батыс Қазақстан облысы жақтан лап қойды",- деп отыр. Азиялық қара шегіртке негізінен ылғалды жерге қонады. Сондықтан 4 жарым мың гектардай аумаққа дәрі себуге тура келген.

Мамандар дер кезінде әрекет етіп, қауіптің бетін қайтардық дейді. Қанаттанған жәндіктердің ұясын анықтап, келер жылға жұмыс картасын даярлаған. Естеріңізге салайық, биыл Ақтөбе облысындағы 900 мың гектар жерге химиялық өңдеу жасалды. Бұл мақсатта республикалық және жергілікті бюджеттен жарты миллиардтан астам қаражат бөлінген.

Оразбек Далмағамбетов, ҚР АШМ Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының жетекшісі:

БҚО, оның ішінде мынау Қаратөбе ауданынан ұшып келді деп бізге хабар келді. Хабар келген бойда аудандағы адамдар бар, біздің инспекция бар, солар барлығы қарап, осы жақтан біздер химиялық өңдеуге препараттар жіберіп, машиналар, аэрозольды генераторлар 3 күн жұмыс жасап, оның барлығын сол бойда өлтірдік.

Мансұр ЕСҚОЖИН