Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада алты бала ыстан уланып қалды

  • AstanaTV
  • 06 қаңтар 2016
  • 1940

Қызылордада бір отбасының 6 баласы ыстан уланып, ауруханаға түсті. Балалардың үлкені он екі жаста, кішкентайы - алты айлық. Келеңсіз оқиға кеше түнгі үштер шамасында болған. Бұл мезетте отбасының ересектері үйде болмаған. Алдын ала болжам бойынша, пешке салынған ағаш отыннан улы газ бөлінген. Дәрігерлердің айтуынша, уланған балалардың жағдайлары қазір бірқалыпты.

Зүлфия Мырзахметова, Қызылорда облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

Қазіргі таңда балалардың жағдайы орташа ауырлықта. Түскен кездегі шағымдары - бас айналу, бас ауру, әлсіздік, лоқсу. Қазір емдер жүргізілуі нәтижесінде жағдайлары жақсарды.

Шарипа САҚТАПОВА