Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының қаржы полициясы "АТФ Банктің" касса меңгерушісін тұтқындады

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2014
  • 1564

Қомақты қаржыны алып із суытпақ болған. Қызылорда облысының қаржы полициясы АТФ банктің жергілікті бөлімшесіндегі касса меңгерушісін осындай күдікпен тұтқындады. Құзырлы орын таратқан ақпаратқа сай, қызметкер өзі жұмыс істеген банктен 600 миллион теңге мен 30 мың АҚШ долларын қолды еткен. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті аталған қаржы ұйымында жарты жылдан бері жұмыс істеген. Осы аралықта өзін адал, білікті кадр ретінде танытқан оның банк қоймасына кедергісіз кіруге рұқсаты болған. "АТФ банктің жергілікті бөліміндегі қоймадан нақты қанша қаражат ұрланғаны, күдіктінің сыбайластары болған-болмағаны тергеуден соң белгілі болады", - деп мәлімдеді құзырлы орынның баспасөз хатшысы.

Аида Жаңабергенова, Қызылорда облыстық ЭҚСЖҚКД баспасөз хатшысы:

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы "АТФ Банк" Қызылорда филиалының касса меңгерушісі Омароваға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету фактісі байынша қылмыстық іс қозғады. 2014 жылғы 26 шілдеде Қызылорда қалалық соты Омарованы қамауға алуды санкциялады. Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде.

Шарипа САҚТАПОВА