Русский Сайттың толық нұсқасы

Игорь Шувалов: Кеден одағы елдерінде 5-10 жыл ішінде бірыңғай валюта пайда болуы ықтимал

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2014
  • 993

Кеден одағы елдерінде 5-10 жыл ішінде бірыңғай валюта пайда болуы ықтимал. Бұл туралы Татарстанда өткен Халықаралық білім форумы барысында Ресейдің бірінші вице-премьері Игорь Шувалов айтты. "Еуразиялық экономикалық одақта жаңа валютаның пайда болуы таңқаларлық емес, бұл - уақыт талабы", - деді Шувалов.

Еске салайық, мамыр айында Ресей, Беларусь және Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойған. Ол 2015 жылдың бірінші қаңтарында күшіне енбек.

Игорь Шувалов, РФ бірінші вице-премьері:

Кеңес одағы құлаған кезде, рубльдің де қауқары құлдырады. Сол кезде біз бірыңғай экономикалық кеңістікті қираттық. Ал енді әрбіріміз жеке-жеке мемлекет болып қалғанымызбен, бірлескен кеңістікті қайта жандандырудамыз. Әйтсе де, Ресей Федерациясы дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып қала беруі керек.

Жұрағат БАМАН