Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Гансу аймағында термометр көрсеткіші плюс 60 градусқа жетті

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2014
  • 2407

Қытайдағы аптап ыстық барлық рекордтарды басып озды. Елдің солтүстік-батысында орналасқан Гансу аймағында термометр көрсеткіші плюс 60 градусқа жеткен. Мұндай температура бірнеше күннен бері өзгермей тұр. Шыжғырған ыстық көптеген туристерге ыңғайсыздық тудыруда. Тіпті аптапқа төзімді деген түйелердің өзі жоғары температурадан зардап шеге бастады. Туристерге тоқтамай қызмет етуі үшін, иелері оларды күніне 2 рет салқын сумен жуындыруға мәжбүр.

Аспан асты елінің басқа аймақтарында, мәселен, Сычуанда да күн өте ыстық. Түрғындар 40 градус аптаптан құтылу үшін жергілікті өзендерге ағылып жатыр. Онда ине шаншар жер жоқ. Ең қажетті нәрсе құтқарушы дөңгелектер мен арнайы кеудешелер. Жағажайда өзге жабдықтардың жеткіліксіздігіне ешкім мән беріп жатқан жоқ. Ал шомылу орындарына баруға ерінетін тұрғындар сусындарды мейлінше көбірек ішіп, аса қажеттілік болмаса, көшеге шықпай-ақ қойғаны абзал. Басшылық оларға осындай кеңес беруде.

Т. АМАНАЛИЕВА