Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдегі Троицк электр станциясына Қостанай экологтары 6,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2014
  • 1305

Ресейдегі Троицк электр станциясы Қостанай облысының қазынасын қомақты айыппұлмен толтыратын болды. Көрші мемлекеттің алпауыт кәсіпорыны еліміздің экологиялық заңнамасын биыл да өрескел бұзып отыр. Көмір қалдығының көмбесіне айналған Шұбаркөлдің айналасында бірнеше ауыл бар. Қоршаған ортаға келтірілген залалдың зардабын сол елді мекен тартуда.

Тұрғындардың арызы бойынша эколог-мамандар биыл тағы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде Троицк электр станциясының бұл аумаққа шамадан тыс зиянды заттар шығарғаны белгілі болды. Хаттама негізінде экологиялық заң бұзушылыққа жол берген ірі кәсіпорынға алты жарым миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ермек Бақаев, Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуроры:

Өкінішке қарай, Троицкі тарапынан анықталған заң бұзушылықтар үнемі қайталанып келеді. Бір қызығы, олар дереу қателігін мойындап, біздің талапты орындауға тырысады. Тіпті Шұбаркөлге қосымша сүзгіштер орнатып, әкімшілік айыппұлдарды өтеуге келгенде, белсенділік таныта бастайды.

Заңғар САНАЙ