Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы мейрамханаларың бірінде ерекше автотұрақ пайда болды

  • AstanaTV
  • 28 шілде 2014
  • 1196

Алматы мейрамханаларың бірінде ерекше автотұрақ пайда болды. Мұнда келуші меймандарға деген зор құрмет болса керек, көше бойына 15-тен астам кілем төселіпті. Бұл кілемдердің әрқайсысы 600 АҚШ доллары тұрады-мыс. Ал мейрамхана екінің біріне қызмет көрсете бермейді. Мұнда тек қалтасы қалың адамдар ғана демалатынға ұқсайды.

Дегенмен, көлік тұрағына төселген кілемдер тақырыбы бүгін ғаламтор пайдаланушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі бұл шығыс мәдениетін сыйламау десе, екіншілері осылайша «ерекшеленген» мейрамхана қожайындарының әрекетіне оң бағасын берген. 

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ