Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің екі агенттігінде басшылық ауысты

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2014
  • 1483

300 мың доллар көлемінде пара алды деп айыпталған Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов ресми түрде қызметінен босатылды. Агенттік басшысының міндетін оның орынбасары Аманжол Алпысбаев уақытша атқаратын болды.

Мұрат Оспанов 3 шілдеде табиғи монополия субъектісіне қолдау көрсеткені үшін пара алып жатқан сәтінде ұсталып, қамауға алынған. Бұған дейін ол Семей қаласы әкімінің орынбасары және өзге де жауапты қызметтер атқарды.

Тағы бір ауыс-түйіс. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінде орын алды. Ведомство басшысы Болатбек Қуандықов лауазымынан босатылды. Бұл ақпаратты үкімет үйінің баспасөз қызметі растап отыр. Төрағаның міндетін оның орынбасары Жандарбек Бекшин уақытша атқармақ. Қуандықовтың орнын босатуы басқа қызметке ауысуымен байланысты болуы мүмкін. Бірақ оның қандай қызметке баратыны әзірге нақтыланбады. Болатбек Қуандықов агенттік төрағасы лауазымына осы жылдың қаңтар айында тағайындалған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ