Алматыда жер телімдерін заңсыз сатты деген күдікпен әйел адам ұсталды. Бұл
туралы қалалық ішкі істер департаменті ақпар таратуда. Айтуларынша, 43 жастағы
Мәдина Даданова Наурызбай ауданы аумағындағы телімдерге жалған құжат жасап,
оны сатып отырған. Бас-аяғы бір жарым мыңдай адамды сан соқтырған ол, қылмысы
дәленденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- А как вы возвели эту постройку? У вас есть разрешение?- Нет. - А как
тогда вы ее построили?- Вот так, вот без разрешения построили.
Бұл - Даданова ханымның кәсібін дөңгелеткен жеке кеңсесі. "Ғимаратты да ол
ешқандай рұқсатсыз салып алған", -дейді ішкі істер департаменті бастығының бірінші
орынбасары.
Қанат Таймерденов, Алматы қаласы ІІД бастығының бірінші орынбасары:
Қазіргі кезде бізге арызданып отырған 1 471 адам. Сатылған учаскенің
бағалары 5 мыңнан 25 мыңға дейін болған. Ол азаматшаға қатысты ҚР ҚК 177-бабы 3-тармағы бойынша айып тағылып, абақтыға қамауға алынды.
Қанат Таймерденовтың айтуынша, Мадина Даданова Таусамалы ауылдық
округінде орналасқан 197 гектар жерді жеке меншігіндей көріп, арнайы карта да
сызып қойған. Қолында ешбір құжаты болмаса да, жалған мөрімен әкімдіктен
берілетін рұқсат қағаздарын жасап, тіпті ақша алғандығын растайтын қолхаттар да
жазып отырған. Ішкі істер департаментіне Даданованың үстінен 20 адам арызданды.
Дәл қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Маржан СЕРІКҚЫЗЫ