Мешін
жылын жеңіспен бастаған «Барыс» командасы 69 ұпаймен турнир кестесінің 7-ші
сатысына жайғасты. Келесі кездесуін астаналық команда сырт алаңда Тольятти
қаласының «Лада» клубына қарсы өткізеді. Бұған дейін «Югра» клубын ұтқан Андрей
Назаровтың шәкірттері бұл жолы Екатеринбург қаласының «Автомобилист»
хоккейшілерін сан соқтырып кетті.
Кездесу «Барыс» командасы үшін сәтсіз
басталды. Бірінші кезеңде ширақ қимылдаған ресейлік клуб айдын иелерінің
қақпасына жауапсыз екі шайба соқты. Қарымта шабуылға шыққан Андрей Назаров
шәкірттері үзілістен кейін есепті теңестірді. Бұл сәттерде Кевин Далмэн мен
Роман Старченко мергендігімен танылды. Толассыз шабуыл ұйымдастырған алаң
иелері есепті 4-3-ке жеткізді. Бұл жолы Дастин Бойд пен Брэндон Боченски
командаластарының қошеметіне бөленді.
Андрей
Назаров,«Барыс» клубының бас бапкері:
Команда ойыншыларын жеңіспен құттықтаймын.
Кездесу тартысты өтті. Қорғаныста олқылықтар көп, соның кесірінен біраз шайба
жіберіп алдық. Абырой болғанда, тез жиналып, өзімізге керек есепке қол
жеткіздік. Енді сырт алаңда өтетін кездесулерге дайындық жүргіземіз.
Самат
ҚАНАҒАТОВ