Русский Сайттың толық нұсқасы

Екібастұзда бұршақтың салдары едәуір шығынға соқтырды

  • AstanaTV
  • 29 шілде 2014
  • 2930

Ал Екібастұзда кешегі қатты нөсерден бірқатар аумақ су астында қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бір күнде шаһарға жауын-шашынның бір айлық нормасы түскен. Бұршақ аралас жаңбыр салдарынан су басқан 8 тұрғын үйдің үшеуі көпқабатты баспана. Мұнан бөлек тағы бірнеше мекеме зардап шекті. Қатты соққан жел электр бағанын құлатып, автокөліктерді зақымдады.

Құтқарушылардың айтуынша, мұндай бұршақ жаууы соңғы 10 жылда тіркелмеген. 5-7 минутқа созылған нөсер қаланы ақ ұлпаға орады. Тұрғындар әуеліде қар жауды ма деп, абдырап қалған.

Валерий Андриянов, Павлодар облыстық ТЖД басшысының орынбасары:

Қазіргі уақытта жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті нөсерден келген шығынды қалпына келтіруге жұмылдырылды. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Ең жоғарғы су басқан аумақ 10 сантиметрді құрады. Бірден суды сору шаралары жүргізілді.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ