Қазақстан
мен Ресей Бас прокуратуралары қос азаматтылыққа қарсы бірлесе жұмыс атқармақ. Бұл туралы бүгін шекаралас
елдердің прокуратура басшылары жиналған
форумда айтылды.
"Бүгінде қос азаматтықты қатар алып жүрген адамдар біздің
мемлекеттен де, Ресей тарапынан да әлеуметтік көмек, жәрдемақы және зейнетақы
алады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының азаматы бола тұра, Қазақстанның
мемлекеттік мекемелерінде қызмет етеді. Тіпті ондай азаматтардың мәслихат
депутаттығына сайланғаны туралы фактілерді анықтағанбыз. Осындай
келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында біз Ресейге азаматтық беру бойынша
дерекқорларды біріктіруді ұсындық", - деді отандық Бас прокуратураның ресми
өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.
Нұрдәулет
Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:
Осындай
мәселелер біздің елдердің арасында бар. Прокуратура органдары осы негізде
тұрақты тексерулер жүргізуде. Осы ретте біз өзіміздің ресейлік
әріптестерімізбен өзара ақпарат алмасу, бірлескен шаралар ұйымдастыру жөнінде
солардың мүмкіндігін бүгін талқылап, қандай да бір шешімге келуге
тырысамыз.
Жұрағат БАМАН