Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 24 жастағы тұрғын қаза тапты

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2014
  • 1356

Ақтөбеде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 24 жастағы тұрғын қаза тапты. Оқыс оқиға кеше кешкісін шаһар іргесіндегі Жаңақоныс ауылында болған. 5-қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде қатты шыққан дыбыс естілді. Артынша, баспана отқа оранған. Жалын шарпыған аумақ 4 шаршы метрді құрады.

Апаттан соң денесін күйік шалып, ыстан уланған 3 адам ауруханаға жеткізілген. Арасында 9 айлық нәресте де бар. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері мен келген шығын көлемі анықталу үстінде.

Майя Нұралина, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің инспекторы:

Өртті сөндіру нәтижесінде сол үйде тұратын 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. 9 айлық бала «бетінің және оң жақ білегінің күйюі» диагнозымен облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Мансұр ЕСҚОЖИН