Ал коммунистер «Салауатты өмір
салтын сақтайық!» атты акциясын өткізді. Астананың орталық саябағына жиналған
партия берсенділері жастармен бірге жаттығу жасауды ұйғарған. Мұндай ерекше
шараны ұйымдастыруға, әрине, Қазақстан коммунистер халықтық партиясының жастар
қанаты мұрындық болған. Акция соңынан партия мүшелері көшеге шығып, сайлауға қатысуға
барлық азаматтарға үндеу жасады.
Коммунистер сайлауалды бас штабының мүшелері бұл маңайды жайдан-жай таңдамаған секілді. Мұнда да спорт
сарайындағыдай қажетті құрал-жабдықтардың барлығы да бар. Әрі денеге қажетті
жаттығуларды таза ауада тыныстап отырып жасаған денсаулыққа екі есе пайдалы, - дейді жастар. Акция соңынан жас
белсенділер саябақ пен орталық көшелерге шығып, коммунистердің сайлауалды бағдарламасы жазылған үгіт-насихат қағаздарын
таратты.
Виктор Смирнов, ҚКХП Орталық
комитетінің аппарат жетекшісі:
Осындай флешмоб арқылы біз
саябақта серуен құрғандарға керемет көңіл-күй сыйладық. Бұл акция денсаулықты
нығайтуға бағытталды. Себебі коммунистердің сайлауалды бағдарламасында адам
денсаулығын шынықтыру оны нығайту жайы бірінші кезекте тұр.
Құралай ПИОНЕР