Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде баласын 1 миллионға сатпақ болған әйел ұсталды

  • AstanaTV
  • 30 шілде 2014
  • 968

Басы саудаға түскен бөбек. Ақтөбеде бауыр еті баласын сатып баспаналы болуды көздеген безбүйрек ана мен оған көмектескен егде әйел қолға түсті. Келісімді жүкті әйелдің анасы жүргізген. Қызы босанбай тұрып, 2014 жылдың мамырында ол бала сатып алатын клиент табады. Бөбектің ақысы ретінде Ақтөбе қаласынан 2 бөлмелі пәтер талап еткен. "Бірнеше кездесуден соң күдікті баланы сатуға келіскен", - деп хабарлайды құзырлы орган өкілдері.

Сатып алушы рөліндегі полицей келіссөздер жүргізіп, ақырында 8 мың 800 АҚШ долларына сәбиді алатын болып уағдаласқан. 27 шілде күні босанған ана қылмыс үстінде құрықталды. Енді бала сатқыш екеудің кінәсы дәлелденсе, 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Санкцияланған тінту барысында ақша және босанған әйелдің атына берілген құжаттар тәркіленді. Күдіктілерге қатысты қамау-бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ ҚР ҚК 133-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мансұр ЕСҚОЖИН