Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің бірқатар проблемаларына назар аударды

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2014
  • 1858

Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірдің бірқатар проблемаларына назар аударды. "Жалпы өндіріс саласы қарқынды дамыған облыста шағын және орта бизнестің дамуы әлі де ақсап тұр",- деді Президент. "Кәсіпкерлік үшін 25 пайыз деген өте аз. Сондықтан бұл істе белсенділік қажет", - дегенді қадап айтты.

Керекудегі тағы бір өткір пробема - ауыз су мәселесі. Мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы қомақты қаржы тартылғанымен, аймақтағы 30-ға жуық елді мекен таза суға жарымай отыр. Демек, «мұнда қадағалау мәселесі нашар болғаны»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өңір үшін ушығып тұрған басты түйткіл - экология. Қазіргі ахуал қарапайым халықты да, билікті де алаңдатуда. Айнала зауыттар мен өндіріс ошақтары. Олардан ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшері артпаса, кеміміген. Сол себепті, бұл мәселеге ден қою қажет. "Ұсыныс-жобалар болса, ортаға салып, талқылайық»,- деп қайырды Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының бөліп көрсеткен келесі проблемасы жергілікті атқамінерлер үшін де тосын болды. Облыста азық-түлікпен қамту ісі кенжелеп қалған. «Павлодар - еліміздің ірі өндіріс орталығы. Әйтсе де, өңірде сырттан әкелінетін өнім көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұл - азық-түлік бағытында басым,»- деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Область много завозит продукции. Импортирует из России, из других областей. Мясом себя не обеспечиваете, молоком не обеспечиваем. Но с овощами-фруктами у вас тяжело понятно. Но месте с акимом, барлықтарың қараңдар. Өзімізді өзіміз тамақпен қамтамасыз етуіміз керек. Ауыл шаруашылығы облысымыз ғой. Жеріміз бар. Барлығы бар, сол жағын қараңыздар!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Екібастұз қаласына да ат басын бұрды. «Қазақстан вагон құрылысы зауыты» мен «Проммашкомплект» серіктестіктерінде болып, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, Президент кеншілер шаһарындағы балалар музыкалық мектебінде болды. Талантты жастарға мемлекет басшысы құр қол келмеген. Ол колледж ұжымына автобус сыйға тартты.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ