Русский Сайттың толық нұсқасы

Африкада Эбола безгегі өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 31 шілде 2014
  • 1550

"Эбола безгегінің өршуіне байланысты Африкаға сапарға шыққанда, абай болыңыздар." Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі отандастарымызды осыған шақырып отыр. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлама таратты. Қазір Эбола безгегінің 1093 оқиғасы тіркелген, 660 адам өлім құшты. Гвинеяда сырқаттардың 314-і көз жұмған. Либерия мен Сьерра-Леонда да қайғылы жағдай жүздеп тіркелді. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аталған елдерге сапарлауға қандай да бір шектеулер қоюды ұсынып отырған жоқ.

Ал "Бейбітшілік корпусының" еріктілері безгек салдарынан Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоннан жаппай кетіп жатыр. Олар вирустың одан әрі таралуынан қауіптенеді. Бұл туралы аталған америкалық гуманитарлық ұйымның мәлімдемесінде жарияланды. "Бейбітшілік корпусы" өкілінің айтуынша, екі волонтер Эбола безгегінің вирусын жұқтырып үлгерді. Олар науқастанып, артынан қаза болған адаммен араласқан көрінеді. Ал Кот-Д Ивуар аталған елдермен шекараны жапты.

Дауда Кулибали, жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының жетекшісі:

Бізде де зәре жоқ. Індет ошағы саналатын елдермен шекарамыз ортақ. Бұл аурудың біздің елімізге де таралмасына кіп кепіл? Дерттің мұнда жетпеуі үшін қолдан келген шараның барлығын жасап жатырмыз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА