Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола безгегімен күреске 100 миллион
доллар бөлетін болды. Батыс Африкада өршіген індеттен ажал құшқандар саны
бүгінде 700 адамнан асты. Тағы 1000-ға жуық тұрғын аталған сырқатты жұқтырып
үлгерген.
Жағдайдың ушығуына Эбола вирусына қарсы вакцинаның жоқтығы да себеп
болып отыр. Бұл індетке шалдыққандардың шамамен 90%-ы өлім құшады. Қайғылы
жағдайлар негізінен Гвинеяда, Либерия мен Сьерра-Леонда тіркелді.
Ал Африкадан
тыс елдер арасында алғашқы болып дерттің құрығына ілінген - Қытай. Гонконгте
эбола індетіне ұқсас белгілер байқалған бір науқас ауруханаға жатқызылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА