Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ шенеунігі сұхбат кезінде көз жасына ерік берді

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2014
  • 1265

Шенеунік көз жасына ерік берді. "Біріккен ұлттар ұйымы Таяу шығыс агенттігінің баспасөз хатшысы Крис Ганнесс палестиналық босқындар мәселесі бойынша Al Jazeera телеарнасына сұхбат беру кезінде жылап қоя берді",- деп жазады The Independent. Ол Газа секторындағы мектепте болған атыс туралы әңгімелеп отырған. Соңынан шенеунік өзінің Twitter-дегі парақшасында "сөзге қарағанда, көз жасы көп нәрсені айтады" деп түсіндірді.

Газа секторында босқындарды қабылдау бекетінде 30 шілдеге қараған түні атыс болып 20- дан астам палестиндік қаза тапты.

Айта кетейік, Израиль 7-ші шілдеден бастап Газада "Мызғымас жартас" атты әскери операцияны бастады. Соңғы деректерге сай, 1263 палестиндік ажал құшқан. Оның 900-ге жуығы бейбіт тұрғындар.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА