Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана мен Алматыда «Галактика сақшылары» фильмінің қазақстандық тұсаукесері өтті

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2014
  • 2244

Голливудтың тағы бір фильмі қазақша сөйледі. Әйгілі "Марвэл" киностудиясы түсірген «Галактика сақшылары» фильмінің қазақстандық тұсаукесері кеше Астана мен Алматы қалаларында бір уақытта өтті.

«Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен «Жастар - Отанға!» жобасы қолға алынып, кейінгі 4 жылда Голливудтың танымал туындылары қазақ тіліне аударылып жатыр. Жобаны ұйымдастырушы - «Болашақ» жастар қауымдастығы. Оның бастамасымен 9-шы туынды қазақша сөйледі.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Елбасы айтқандай, "Қазақстан-2050" стратегиясында 11 жылдан кейін халықтың 95 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек. Оған жету үшін тек мемлекет емес халықтың бәрі ат салысу керек. Сондықтан осы «Болашақ» қауымдастығы осы жобаны бастағанда, «Өзіңнен баста» деп айтып кетті.

«Галактика сақшылары» - әрі комедия, әрі шытырман оқиғалы фантастикалық фильм. Туындыны еліміздің ең мықты деген 20-ға жуық әртісі дыбыстаған. Дубляж режиссері «Өрмекші адам -2», «Малефисента» фильмдерінің режиссері ретінде танылған Тимур Балымбетов.

Тимур Балымбетов, режиссер:

Фильмнің айтары, өмірде күн сайын шешім қабылдағанда, кейде қиын шешім б
олса да, шешім қабылдау керек, деген ойы бар. Осы ой өте анық естіледі фильмде.

Бір мезгілде еліміздің екі бас қаласында өткен тұсаукесерге жиналған адамда есеп жоқ. «Бәйтерек» Ұлттық холдингі демеушілік еткен фильмді бірінші болып тамашалағандар қатарында балалар үйінің тәрбиленушілері, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен өнер жұлдыздары бар.

Қуандық Бишімбаев, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы:

Залда көріп отырмын, көп жастар отыр, осындай заманауи ақпарат құралдары, кино арқылы қазақ тілін насихаттау және үйренуге жаңа жолдарды ашу - өте дұрыс, өте орынды бастама деп санаймыз. Сондықтан тағы да айтқым келеді - біздің холдингіміз осындай бастамаға "Нұр Отанның "бастамасына атсалысуы - ол да үлкен абырой. 

Фильмнің ұнаған жері біздің қазақ тілінде. Өте қызықты, образдар дейміз ғой, персонаждар. Солардың дауыстарын дәл тапқан деймін режиссер. Өте тамаша көңілді, күлкілі болды.

Маған анау Грут унады, билейді. Сол жері ұнады.

Еш жасандылық жоқ. Тіпті анау персонаждардың өздері қазақ болып туылған сияқты. Сөздері де өмірдегідей. «Галактика сақшыларын» аударған адамдарға мың да бір алғыс. Өте жоғары деңгейде аударған.

Көңілімнен шықты. Өте қызықты болды, күлкілі сәттер көп болды. Барлық көрермендерге осындай қазақ тіліндегі фильмдерде көруге ұсыныс жасаймын.


Маржан СЕРІКҚЫЗЫ