Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана» футбол командасы өз алаңында шведтік «АИК» клубымен тең түсті

  • AstanaTV
  • 01 тамыз 2014
  • 1371

«Астана» футбол командасы Еуро лига ойындарының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында шведтік «АИК» клубымен тең тарқасты. Қонақтар елордалық қорғаушылардың қателігін пайдаланып есепті бірінші болып ашты. Ойынның тоғызыншы минутында Набиль Бауи Ненад Эричтің қақпасын дәл көздеген. Есеп 1:0. Алаң қожайындары есепті бірінші тайымның соңғы минуттарында теңестірді. Қарсыластың айып алаңына берілген допты команда капитаны Таңат Нөсербаев баспен қақпаға бағыттады.

Ойынның екінші жартысы «Астана» командасының шабуылымен өтті. Кезекті ұрымтал сәтте шведтер қақпасына соғылған голды төреші ойыннан «тыс жағдай» деп есептемей қойды. Ал одан кейінгі қарсылас қақпасының алдында болған жүз пайыздық мүмкіндіктерді ойыншылар жіберіп алды. Қарымта ойын тамыздың 7-сінде Стогкольм қаласында өтеді.

Станимир Стойлов, «Астана» ФК бас бапкері:

Стокгольмде ойын бұдан да ауыр болары сөзсіз. Өз жерінде АИК бүгінгіден сенімдірек, тіпті дөрекілеу ойнауы мүмкін. Біз ондай ойынға дайын болуымыз керек.



Ал Қарағанды қаласында өткен ойында жергілікті «Шахтер» жанкүйерлерін жеңіспен қуантты. Кеншілер шаһарының командасы хорватиялық «Хайдукты» Еурокубок іріктеу кезеңінің 3 раудында 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ