Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері кездесуі өтті

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2014
  • 1373

Еуразиялық экономикалық одақтың екі елге берер игілігі Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде жан жақты талқыланды. Ресей сыртқы ведомство басшысының Шығыс Қазақстанға сапары жемісті болды. Сергей Лавров әріптесі Ерлан Ыдырысовпен бірге өндіріс орындарында кәсіпкерлермен және жергілікті халықпен жүздесті. 

Сергей Лавровтың сапары саясатқа емес, экономикаға көбірек көңіл бөлетін сапарға ұқсады. Ресейдің сыртқы ведомство басшысы ә дегеннен кәсіпорындарды аралады. Көрші елмен бірігіп, шаруасын дөңгелеткен өндіріс орындары мұнда аз емес. Атом станцияларына отын жеткізетін Үлбі металлургия зауытын да осы қатарға қосуға болады. Бұл тізім болашақта ұлғая түспек.

Планы большие, так что партнерство будет продолжаться. -Да партнерство будет продолжаться, ведь с Россией у нас большие проекты по добыче урана.

Ресей сыртқы істер министрі Курчатов қаласын көруге де ниетті. Жақын арада онда қуаты 1200 мегаватқа жететін атом электр станциясының ғимараты салынады.

Аймақ басшылары Сергей Лавровқа күрмеуі қиын кей мәселелерді де құлаққағыс етті. Өңірде Ресеймен бірлесіп жұмыс істейтін 250 кәсіпорын бар. Кеден одағына біріккенімізге қарамастан, кейбір компаниялар мен ведомство қосымша лицензия мен сертификаттар сұрайтын көрінеді.

Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Кедендік одақтың шарттары бойынша Қазақстан, Белоруссия және Ресейде берілетін сертификаттар мен лицензиялар 3 елде де сауда операциялары кезінде жарамды болып есептелуі керек. Бірақ бұл мәселеде бізде кедергілер болып тұр.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

Мен әріптестігіміз тек дами беретініне сенімдімін. Өткен жылдың өзінде тауар айналымы 2,2 млрд доллардан асты.

Сергей Лавров Украиндағы жағдайға да тоқталды. Ресей жағы Қызыл Крест халықаралық комитетімен бірлесіп, Украинаның оңтүстік-шығысынан босқындарға арнап тағы бір гуманитарлық дәліз ашқанын айтты. Бүгіннің өзінде 136 мың адам ресми түрде бас саулағандар тізімінде тұр.

Сергей Лавров, РФ сыртқы істер министрі:

Ресейде жұмыс істейтін батыс журналистері Ростов облысында болып жатқан жағдайды өз көздерімен көріп келуге құлықсыз. Біз қорғаныс министрінің рейсін пайдаланып тегін барып келуді де ұсындық. Украиналық қашқындармен, әскерилермен сөйлессін деп. Тек Блумберг агенттігі ғана тілшісін жіберді, қалғандары бас тартты.

Екі елдің сыртқы істер министрлері ресми кездесулерден соң аймақтағы демалыс орындарын аралап көрді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ