Русский Сайттың толық нұсқасы

"Мектепке жол" акциясына Жамбыл өңірі де атсалысуда

  • AstanaTV
  • 07 тамыз 2014
  • 1132

Жамбыл облысында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынан айырылған жетім балғындар түгелдей мектепке баратын болады. Яғни әлеуметтік себептерге байланысты білім ордасына келе алмай қалу мәселесі шешімін тапқалы тұр. Облыстық білім басқармасы игі істі қолға алды.

Жер-жерде басталған "Мектепке жол" акциясына Жамбыл өңірі де атсалысуда. Алдағы екі айда аз қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жалпы, Таразда әлеуметтік жағынан аз қорғалған балалар саны - 22 мыңнан асады. Тағы екі мыңдай бала жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар.

Білім басқармасының өкілдері осы  балғындарға түгелдей  көмек көрсетіледі дейді.  Биыл 6-шы жыл қатарынан өткелі отырған қайырымдылық акциясына демеушілер тарапынан қыруар қаржы да бөлінді.

Мұхтар Керімбеков, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бөлім басшысы:

Осы алты жылдың көлемінде жылдан жылға осы балаларға көмек көрсететін қаржының көлемі ұлғайып келеді. Былтыр, мысалы үшін, 166 млн теңге болатын болса 21425 балаға. Биыл 180 миллионға жетеді деп күтіліп отыр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ