Русский Сайттың толық нұсқасы

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

  • AstanaTV
  • 04 тамыз 2014
  • 990

Зарина Дияс Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. 20 жастағы жас теннисші WTA рейтингінде Ярослава Шведованы басып озды. Вашингтонда өткен турнирде Зарина аталған рейтингтегі 53-орнын сақтап қала алды. Оның қоржынында 1019 ұпай бар. Ал 1017 ұпайы бар Ярослава Шведова 2 саты төмен түсіп, 54-орынға тұрақтады.

Теннисшілер рейтингінде Галина Воскобоева 119-шы, Юлия Путинцева 164-ші, Сесиль Каратанчева 173-ші орында тұр. Айта кетерлігі, рейтингте америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Ал екінші орынды қытайлық Ли На еншілесе, үздік үштікте румыниялық Симона Халептің де есімі жазылған.

Жұрағат БАМАН