Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Үкіметтің құрылымын бекітті

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2014
  • 1622

Атқарушы биліктегі айтулы өзгеріс. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жаңа құрылымын бекітті. Елімізде бұған дейін жұмыс істеген 17 министрліктің орнына енді тек 12 министрлік жұмыс істейтін болды. Кейбір министрліктер біріктіріліп, агенттіктер қайта құрылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін 9 агенттік, 54 комитет, 272 департамент жұмыс істеп келген. "Енді бас аяғы 30 комитет қалады, ал 9 агенттік жойылып, комитет түрінде министрліктердің қарамағына кіреді",- деді Елбасы. Жаңа тағайындаулар мен қысқартулар туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жария етілді. Жұрағат Баман тарқатады.

Министрлер кабинетін қайта құру туралы шешім - биылғы жылдың басты жаңалығы болғаны даусыз. Тың өзгерістер алдымен, әлбетте, экономика саласын дөңгелетіп отырған ведомствоға қатысты өрбіді. Қазақстанда Ұлттық экономика министрлігі құрылатын болды. Құрамына Экономикалық даму және бюджетті жоспарлау министрлігі, өңірлік даму министрлігі мен статистика және бәсекелестікті қорғау агенттігі енеді. Аты ғана емес, заты да өзгерген ведомствоны Ерболат Досаев басқарады. 44 жастағы министрдің 5 жылдық мемлекеттік қызмет өтілі бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Считаю, что он компетентный в этих вопросах, поработал в Минфине, Министром здравоохранения, поработал в бизнесе. Вернули мы его на эту работу, и он квалифицированно работает. Молодой, владеет английским языком. Но, если начнешь путать карман бизнеса с государством, на второй день будешь уволен с работы. Это всех касается.

Экономиканы дамытумен қатар энергетика саласын ілгерілету басты назарда. Осы орайда Президент мұнай-газ саласы мен энергетикалық блокты жаңа министрлікке шоғырландыру жайлы шешімін айтты. Енді елімізде аты дардай Энергетика министрлігі құрылады. Оған Мұнай және газ министрлігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің энергетика саласына, қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты өкілеттіліктері беріледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Подумав и обсудив, на этом этапе самый подходящий и опытный человек понимающий в этой отрасли, я решил назначить министром Владимира Школьника. Согласен или отказываешься?  - Президенту нельзя отказывать.- Молодец.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері бірігіп, оны Тамара Дүйсенова басқаратын болды. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова вице-министр лауазымын атқарады. 


Тағы бір жаңа ведомство - Инвестициялар мен даму министрлігі. Ол индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникация министрліктері мен байланыс және ақпарат, ұлттық ғарыш агенттіктерінің құзіретін біріктіреді. Министр Әсет Исекешев. Байланыс және ақпарат агенттігінің экс-төрағасы Асқар Жұмағалиев пен Көлік және коммуникация министрлігін басқарған Жеңіс Қасымбек Исекешевтің орынбасарлары болып тағайындалмақ.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік - Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы істер бойынша агенттік болып аталды. Төраға болып Қайрат Қожамжаров тағайындалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің экс-төрағасы Әлихан Бәйменов оның орынбасары болды.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі Ішкі істер министрлігі құрамына кіреді. Басшысы Қалмұхамбет Қасымов орнында қалмақ. Ал Өңірлік даму министрі болған Болат Жәмішев Қазақстанның "Даму Банкіне" төраға болып тағайындалады. Қоршаған орта және су ресурстары министрі болған Нұрлан Қаппаров «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясын басқармақ. Бұл туралы ұсынысты елбасының өзі жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сюда относятся вопросы охраны окружающей среды. Нурлан Каппаров хорошо вел эту работу, при его желании он может оставаться вести эту работу в этом министерстве заместителем, или я тебе предлагаю стать президентом Нацкомпании «Казатомпром». -«Казатомпром» было бы интересно.

Осылайша, атқарушы биліктің жаңартылған құрамын айқындаған Президент Үкіметтің алдағы жұмысына жаңа серпін, сәттілік тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Тұрмысты шалықтатып, тіршілікті түзетін тек бейбіт өмір, адал еңбек. Жасампаз істер татулық пен тұрақтылық арқылы ғана жасалады. Барды бар ғып, құндылықты қадірлеу - әрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігі - ең асыл қазына, ең асыл қасиет. Осы асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтау - тұтас қазақ елінің алдындағы ұлы парыз.

Қорыта келе, Мемлекет басшысы: "Қалған жұмыстарды Кәрім Қажымқанұлы тиянақты түрде қарап шығатын болады. Министрліктер мен ведомстволардың алдағы мәселесін де шешеді. Үкімет еш кедергісіз жұмыс істеуіне тиісті шешімдер қабылдайды деп сенемін", - деді.

Жұрағат БАМАН