"Қазақстан - 2050" даму стратегиясының алғашқы кезеңі қай дәрежеде жүзеге
асырылды? Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен
Үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер Президент алдында осы мәселе
бойынша есеп берді. Маңызды стратегияның басым бағыты - экономиканы
тұрақтандыру. Ол үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге қаражат бөлінгені де
белгілі. Қомақты ақша тиімді түрде игеріліп жатыр ма? Азамат Алдоңғаровтың
материалында.
Қазіргі Үкімет жасақталған күннен бергі 4 айда атқарылған шаруалар жайын
баяндауға вице Премьер Бақытжан Сағынтаев мінберге шықты. Елбасы алдында ол
ұзақ мерзімді даму стратегиясы белгіленген күннен бергі атқарылған істерді
тізіп шықты. Сөзіне сүйенсек, әлемдік экономиканың өсу қарқыны бәсеңдеген
бүгінгідей жағдайда ел дамуының негізгі тұтқасы - кәсіпкерлікті дамыту. Бұл
бағытта мемлекеттік маңызды жобалардың іске асырылуына Әлемдік, Еуропа, Азия
және Ислам даму банктерінен 7 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек
алып отырмыз. Қазірдің өзінде бес жарым миллард теңгенің жобасы бекітіліп
үлгерді. Бұған Ұлттық қордан бөлінген 1 триллион теңгені қосыңыз.
"Алмақтың да салмағы бар" деген. Осынша қыруар қаржыны алу бір
бөлек, ал ұқсату мүлде бөлек нәрсе.
Сто миллиардов для МСБ уже пошли? 50,5 миллиардов уже на счетах компаний.
Имеются соответствующие проекты, работы могут начаться?
-Да они уже начались,
Нурсултан Абишевич, более того 70 миллиардов тенге уже одобрено для списания с
фонда Даму со спец счета "Национального банка". "Нацбанк" уже одобрил для списания
со своего спец счета 60 миллиардов. То есть можно говорить, что практически 70
миллиардов тенге уже в руках предпринимателей.
Кәсіпкерлікке қаржылай демеу көрсетуден бөлек, кей заңнамалық құжаттар
қайта қаралып, рәсімдеу шаралары жеңілдетілген. Бұрын кәсіпкер қажетті жер
телімін заңдастыруға 2 айдан 1 жылға дейін уақыт жұмсаса, жаңа тәртіп бойынша
бұл процесс 30-35 жұмыс күнінде шешіледі. Ұзын сонар қол жинау мен, қағаз
бастылық мәселесі де біржола шешімін тапқан. Ал елдің транзиттік әлеуетіне
келсек, жыл соңында Қытай жерінде салынып бітетін бірлескен логистикалық
терминал арқылы еліміз Тынық мұхит арқылы сыртқы нарыққа шыға алады. Маңызы аса
зор тағы бір іс - "ЕХРО-2017" халықаралық көрмесіне әзірлікке қатысты
вице-премьер құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүріп жатқанын баяндады.
Все вопросы по курируемым участкам? Остается контролировать эффективное
использование средств и осуществления поставленных задач, так? Вот за это ты
несешь персональную ответственность.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндамасын тыңдаған Елбасы мемлекеттік
сатып алулар мәселесіне айрықша тоқталды. Президенттің пайымдауынша, сатып
алулар электронды түрде өткізілгенімен, әлі де бармақ басты көз қысты жайттер
тыйылар емес.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Вот там в госзакупках все нарушения и все коррупционные действия. Мы
лицензии перевели на электронные - это правильно, это должно сейчас сказываться
на улучшении всех дел и ведения бизнеса, и вообще безобразия контакта чиновника
с делом. Вот теперь госзакупки остаются главными. Надо ее довести ее до того, чтобы все проводилось через интернет, люди там не прикасались.
Бас қаржыгердің баяндамасын бірнеше рет тоқтатқан елбасы,
елімізде көлеңкелі экономиканың ырық бермей, жүгенсіз кетіп бара жатқанына да
назар аударды. Мысал ретінде заңсыз әрекет етіп отырған базарлардың жұмысын
келтірді. Ел бойынша мұндай бей-берекет сауда орындарының қатары 100 мыңдап
саналатын көрінеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Теневая экономика - большой резерв для поступления денег в бюджет. Я хотел
потом сказать, но сейчас могу сказать вам, что в Казахстане сотни тысяч базаров
неорганизованных. Неужели бизнесмены наши не могут взять в свои руки это
выгодное дело. Надо строить нормальные крытые, организованные торговые центры.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев елімізде өтіп жатқан жекешелендірудің
кезекті толқынына қатысты қатаң ескертулер жасады. "Өткен жылдардағы жекешелендіру науқаны тұсында жіберілген кемшілік-қателіктер
осы жолы қайталанбауы тиіс", - деді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Вот для открытости, для транспарентности, чтобы это опять не братьям- сватьям
проходило, что делается? Ты отвечаешь, вот все акимы сидят, осы жерден өздеріңе
өздерің жаманшылық жасап алмаңдар.
Елбасы отандық энергетика саласы мен ел экономикасының доноры саналатын
бірқатар өндіріс көлемі бойынша есепті де тыңдады. Салаға жауапты министр
ағымдағы жылы тиісті өндіріс көлемінің едәуір кемігенін жасырмады.
Әсет Исекешев, ҚР Даму және инвестиция министрі:
Өңірлерде көрсеткіштердің төмендегенін байқаймыз. Басты бағыт ол тау-кен
өндірісі. Мұнай өндірісі, көмір және темір кенішінің де өндірісінде кему
байқалады.
Алдағы жылдары әлемдік экономика тежеліп, немесе тұрақсыз күйді бастан
кешіруі бек мүмкін. Осыны мықтап ескерткен Мемлекет басшысы аймақ әкімдеріне
айрықша тапсырма берді. Іске қосылған түрлі кәсіпорындардың мүмкіндігін жүз
пайыз пайдалану керектігін қадап айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Үлкен экономика ол жағдайы белгілі болып тұр. Біраз уақыт солай болуы да
мүмкін. Сондықтан әрбір мекеме шағын бизнес, анау күні іске қосылған завод пен
фабрикалар жұмыс істеу керек. Кейбіреулері өз қуатын 50,30 пайызға
қолданбай отыр. Әр облыста резервтер табу керек.
Кеңейтілген жиын барысында Президент министрлерді мұқият тыңдап, әрбір
мәселеге қатысты пайдалы кеңес, кей тұстарда қатаң ескертпе жасап отырды. Сөз
соңында әлемдік саяси жағдайларды ескере отырып, елдің тұрақты дамуының басты
кепілі - бейбітшілік пен татулық екенін ұмытпауымыз қажет деді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ