Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда зәбір көрген телеоператорға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 06 тамыз 2014
  • 1314

Алматыда таспагерге шабуыл жасағандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл ақпаратты біздің арна тілшілеріне қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері айтты. "Галакси групп" компаниясының кадр бөлімі қызметкері мен күзетшісіне «Бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.

Еске салайық, өткен аптада құрылыс материалдарын шығаратын компанияның қоймасында өрт болды. Оқиға орнына жеткен ақпарат құралдары өкілдерінің жолын фирма қызметкерлері кесіп, таспагердің жұмыс істеуіне кедергі келтірген. Юрий Съединді күзетші қылқындырса, кадр қызметкері оның қолынан оңдырмай тістеп алды. 

Маржан СЕРІКҚЫЗЫ