Қарағанды облысында 3 жыл көлемінде 60 сауда орны жаңғыртылмақ. Бұл туралы
аймақтағы кәсіпкерлік басқармасы мәлімдеді. Бас жоспарға сәйкес, сыртта
орналасқан базарлардың орнына қажетті инфрақұрылымы бар жылы сауда нүктелері
пайда болады.
Қазір аймақтағы барлық базарлардың тауар айналымы - жалпы
көлемдегі 46 млрд теңгенің бар болғаны 18 пайызын құрайды. Облыстық кәсіпкерлер
басқармасы «Жаңа павильондардың ашылуы көлеңкеде қалып қойған басқа да
кірістердің келуіне жол ашады»,- деп отыр.
Қайта жөндеуге кететін қаражаттың
барлығы сауда орындары қожайындарының қалтасынан шығады. Мемлекет олардың кейбіріне
несие мен субсидия алуға көмектеседі.
Татьяна Аблаева,Қарағанды облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Барлығы талапқа сай болып, жоспарлы түрде жаңарады. Бұл дегеніміз - жабық
базарлар болады. Адамдарға қолайлы жағдай жасалынуы тиіс. Кіре берістен бастап,
өтетін жолдар да есепке алынады. Ал тауарлардың бағасы өседі деп ойламаймыз.
Владимир Дьяков, базар өкілі:
Жақсы нәрседен бас тартпаймыз, әрине. Қаражатымызды саламыз. Мен өтемақы
бағасын көтермеймін. Адамдарға зияны тимеуі керек деп есептеймін. Тек менің
ғана қалтам қағылады.
Т. АМАНАЛИЕВА