Қазақстанның қаржы полициясын
қайта құру ісі ведомстволарды халықаралық талаптар мен стандарттарға
сәйкестендіруге қатысты болуы ықтимал. Бұл туралы журналистермен кездесуде
заңгер Марат Бәшімов айтты.
Марат Бәшімов, сарапшы:
Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы
шараларға мемлекет баса назар аударып,
жаңа деңгейде қарастыруда. Осыдан бір ай бұрын жемқорлыққа қарсы комиссияда
Елбасы саяси мемлекеттік қызметкерлерді де жауапкершілікке тарту керектігі
туралы өзгерістер енгізген болатын. Жоғары буындағы басқарушыларға талап
күшейді. Қызметтік этика мен тәртіпке баса назар аударылған. Енді жаңадан
құрылған Мемлекеттік қызмет агенттігіне жемқорлықпен күрес ісі жүктелді. Бұл халықаралық ұйымдардың талабы.
Жұрағат
БАМАН