Русский Сайттың толық нұсқасы

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну қалай өтуде?

  • AstanaTV
  • 08 тамыз 2014
  • 1217

Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер бағын сынап көрмек. Өңірлік сайлау комиссиясы төрағасының айтуынша, сайлауға түсуге ынта білдіргендер саны - бесеу. Оның төртеуі өзін өзі ұсынса, бір үміткерді Айыртау мен Қызылжар аудандық мәслихаттары ұсынған. Сенатор болуға үміткерлер арасында 2 әйел болса, тіркеуден олардың біреуі ғана өтіпті. Бағы жанып Парламентке өткен адам  сенатор Анатолий Башмаковты алмастырмақ. Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүрген Анатолий Башмаков, қатарынан екі рет  Парламенттің жоғары палатасына депутат болып сайланған.

Асқар Сақыпкереев, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

Былай айтқанда, бүгінгі күні үкіметтің әр саласында қызмет істеп жүрген кісілер. Ойлаймыз тамыздың әлі 31-не дейін тағы кісілер болады ғой деп. Бүгінгі күні тіркеуден 3 кісі өтті. Соның бірі - әйел.

Ал Қарағанды облысындағы үміткерлер арасында әзірге әйелдер жоқ. Өңірден Парламент Сенатының депутаттығына 6 кандидат ұсыныс білдірген. Үміткерлер тау-кен өндірісі, құрылыс, металл өңдеу мен денсаулық сақтау салаларында қызмет етеді.  Бесеуі сайлауға қатысуға өздері ниет білдірсе, біреуін қалалық және аудандық мәслихат депутаттары ұсынған. Қазір қол жинау науқаны жүріп жатыр.

Ал қазанның бірінде мәслихат депутаттары сайлау арқылы қазіргі сенатор Юрий Кубайчуктың орнына кімнің отыратынын шешеді. Аты аталған сенатордың депутаттық мерзімі биыл аяқталады. 

Наталья Баталова, Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының хатшысы:

Осыған дейін өткен сайлауларда біздің облыстан әйелдер де ынта білдіретін. Биыл жоқ. Бірақ әлі уақыт бар. Меніңше, сенатор болып жұмысқа жан-тәнімен берілетін еркектер сайлану керек. Әйелдерге көбінесе жанашыр ана, үйдің отанасы қызметі жарасады. 

Абзал ҚҰРМАНКИН