Елордалық "Астана" футбол командасы Швеция жерінде атой салды, жергілікті "АИК" клубын 3-0 есебімен ұтқан астаналықтар Еуропа лигасының плей-оффтық кезеңіне жолдама алды. Ал қарағандылық «Шахтер» румындық «Хайдукқа» қарсы ештеңе қолдана алмады.
"Астаналықтар
«АИК»-ті жол тегістегіш көліктей жапырып
өтті". Швециялық ақпарат құралдары осылай деп жазады. Өз жерінде жеңіске
сенімді болған "АИК" клубы Стойлов сарбаздарынан ойсырай ұтылды.
Ойынның 36-ыншы минутында Фокси Кетевоама стандартты жағдайда есеп ашқан.
Елордалықтардың сапында сонымен қатар Дмитрий Шомко, Бауыржан Джолчиев
нәтижелілігімен көзге түсті. «Астана» енді Еуролигада «Боруссия» немесе
«Виллереалмен» кездесіп қалуы әбден мүмкін. Ал екінші қазақстандық клуб
«Ақтөбе» 4-топта азулы «Лион», Трино, мәскеулік "Динамолармен" күш
сынасады. Алғашқы ойындар тамыздың 21-не жоспарланып отыр.
Ал
қарағандылық «Шахтер» румындардан керісінше 3:0 есебімен ұтылып, Еуропа
лигасының ойындарынан тыс қалды. «Хайдукқа» қарсы ойында кеншілер қаласы
командасының қорғанысы осал болды. Еске
салайық, өз жерімізде өткен ойында «Шахтер» қонақтарды 4:2 есебімен ұтқан
болатын. Екі кездесудің жалпы есебі 4:5.
Қазақстан
спортындағы кезекті жеңісті отандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам сыйлады.
Ол кәсіпқой бокстағы 18-жеңісіне қол жеткізіп, титулдық жекпе-жекке бір
табан жақындады. 8 раундық кездесуде Қанат колумбиялық Фидель Муньосаны жойқын
соққымен 5 раунда сұлатып салды. Осылайша 29 жасар қазақстандық WBA сериясында
жоғары өрлеуін жалғастырып, 2014 жылдың өзінде титулдық кездесу өткізуге
үмітті.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ