Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей алюминий компаниясы қазақстандық "Богатырьдағы" үлесінің 50%-ын сатады

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2014
  • 1636

Ресейлік "Русал" алюминий компаниясы қазақстандық «Богатырь Көмір» кәсіпорнындағы 50 пайыздық үлесін сатуды жоспарлап отыр. «Богатырь Көмір» Павлодар облысының «Богатырь» және «Северный» кеніштерінде көмір өндіреді. Саудаланатын үлестің құны және сатып алушының кім екені әзірге белгісіз. "Русал" компаниясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қазір компания көмір өндірісінен тыс жобаларды дамыту жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. «Богатырь Көмірдің» қалған 50 пайыздық үлесі «Самұрық Энерго» меншігінде.

Еске салайық, біріккен кәсіпорынның 2013 жылдағы табысы 31 миллион долларды құраған. Кей деректер бойынша, "Русалдың" үлесін сатуы компанияның Ресейдегі қарыздарымен байланысты болуы мүмкін. 2009 жылы «Богатырь» дағдарысқа байланысты өндірісін тоқтатқан. Ол кезде компанияның жұмыскерлері мәжбүрлі түрде демалысқа жіберілген болатын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ