Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Әзірбайжан мен Арменияны достастыруға әрекеттеніп жатыр

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2014
  • 947

Өткен демалыс күндері Әзірбайжан және Армения президенттері үшін ымыралы тыныш өтті. Ресей президенті Путиннің ұсынысымен Ильхам Алиев және Серж Саргсян Сочиде Қарабах мәселесін талқылады.

Еске салайық, екі ел арасындағы теке-тірес осы айдың басында шиеленісе түсті. Нәтижесінде Таулы Қарабах шекарасында болған қақтығыстардан екі тараптың жиырма шақты сарбазы қаза тапты. Тараптар бір-біріне бұдан бұрынғы уағдаластықтарды бұзғаны үшін айып таққан.

Ресей Федерациясы өз шекарасындағы тағы бір шиеленістен арылу үшін, бітімгершілік қимылдарға бел буды. Кездесулер қортындысында Владимир Путин қос ел президенттерін өзара келісіп, достық қарым-қатынастарды жандандыруға үндеді. Өз кезегінде Армения және Әзірбайжан басшылары мәселені бейбіт түрде шешуге қарсы емес екендерін білдірді.

Жұрағат БАМАН