Русский Сайттың толық нұсқасы

Назарбаев әлемдік қауымдастықты Украинадағы шиеленісті шешудің бейбіт жолын іздестіруге үндеді

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2014
  • 1139

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауымдастықты Украинадағы шиеленісті шешудің бейбіт жолын іздестіруге үндеді. Қазақстан басшысының пікірінше, Украина дағдарысына орай Еуропа мен АҚШ-тың және Ресей Федерациясының өзара қолданып жатқан санкциялары жағдайды тек ушықтыра түседі. Ақордада бірнеше мемлекеттің елшілерінің қатысуымен өткен салтанатты жиын барысында Мемлекет басшысы Қазақстанның осы бағытта балама шешімдер табуға тырысатынын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

В это непростое время крайне важно не допускать дальнейшей эскалации конфликтов, ужесточения обмена санкциями - это путь в никуда. Единственной альтернативой являются переговоры, нахождение точек соприкосновения по всем сложнейшим вопросам. Казахстан привержен этой альтернативе и по мере своих возможностей пытается повлиять.

Айта кетейік, Қазақстан 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымының уақытша мүшесі болуға өтініш білдірді. "Еліміздің бұл өтініші қабылданған жағдайда, Қазақстан жаһандық өзекті мәселелердің шешілуіне белсенді қатысады", - деді президент. Ал бүгінгі салтанатты жиында Малайзия, Эстония, Ливия, Иран, Тәжікстан және Канаданың өкілетті елшілері Елбасына сенім грамоталарын табыстады. 

Салтанаттың рәсім соңында Мемлекет басшысы серіктес елдердің дипломаттарына қызметте табыс тілеп, Қазақстанның жақында жаңадан жасақталған ықшамдалған Үкіметінің тиімді жұмыс атқаратынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы создаем компактное правительство, чтобы улучшить эффективное управление в бизнес-среде. Казахстан предлагает уникальные условия для иностранных инвесторов при участии индустриализации.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ