Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда автобустарында жол ақы енді 90 теңге болады

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2014
  • 1064

Астанада қоғамдық көлікте жүру ақысы Алматы метросындағы билет құнынан да қымбат  болғалы тұр. Елорда автобустарында жол ақы енді 90 теңге болады. "Қаладағы жолаушылар тасымалының тарифі туралы кеңес өткізген мәслихат депутаттары бүгін осындай ұйғарымға келді", - деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Тасымалдаушылар тарифті өзгерту туралы өтінішті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сәуірде жолдаған. Автобус парктері табыстар шығындардың орнын толтырмайтынын негіздеп, жол ақыны қымбаттатуды өтінген. Осыдан кейін арнайы жұмыс тобы құрылып, тарифті қайта есептеді.

Нәтижесінде, сыйымдылығы үлкен автобустарда жүру ақысын  - 106 теңге, ал шағын автобустарда - 114.3 теңге көлемінде белгілеу ұсынылған. Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы бұл ұсынысты екшеп, ақыр соңында жол ақы  ересектер үшін - 90 теңге, ал балаларға - 40 теңге көлемінде белгіленді.  Дегенмен, жаңа тарифтің қай мерзімнен бастап енгізілетіні әзірге белгісіз.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА