Русский Сайттың толық нұсқасы

"Тұрмыс" серіктестігі мен тұрғындардың араздасуынан Астанада бір үй үш аптадай ыстық сусыз отыр

  • AstanaTV
  • 12 тамыз 2014
  • 1219

Пәтер иелері кооперативі мен тұрғындардың араздасуынан Астанада тұтас бір үй үш аптадай болды, ыстық сусыз отыр. Қызмет көрсетуші компания қымбат сусорғышты ауыстыруға ақыны тұрғындардан талап етіп отыр, ал тұрғындар болса, былтыр ғана  сусорғыш үшін 800 мың теңге жинап бергендерін айтады. Үй тұрғындары "Тұрмыс" серіктестігінің қызметіне қанағаттанбайды. Ыстық су үшін онсыз да қымбат тариф бойынша төлейтін жұртшылық компанияны жауапсыздығы үшін айыптап отыр. Түйіткілді шешу үшін "Тұрмыс" пен тұрғындар кездесу де өткізді. Даудың немен тынғаны туралы Тоғжан Жалғасбекқызы. 

Азамат Нұрымбетов, қала тұрғыны:

В том году мы сдавали деньги на нанос 800 тысяч. Они нам повесили сметную документацию, там вот поменяли насос. Мы все заплатили деньги. В итоге сегодня у нас опять воды нет. Почему в пятом доме все нормально. Там, где они сами находятся и где их офис. Или потому что там Минфин находится. А здесь просто учителя обыкновенные. 

Иә, қаржы министрлігі отырған үйде қиындық қайдан болсын? Ал мұғалімдер мен мемлекеттік қызметшілер тұратын көп қабатты үйдің ыстық судан ажыратылғанына үш аптадан асты. Оған жауапты «Тұрмыс» серіктестігі ыстық суды қосу үшін сусорғыштың біреуін тағы да жаңалау керек дейді. Оған қоса, жылу алмастырғыштардың арасындағы тозығы жеткен 4 резинаны да ауыстыру қажет екен. Оның әрқайсысы  500 мың теңгеден. Ал қайта -қайта ауысатын басшыға жағдайды түсіндіруден жалыққан жұрт ешқандай ақша жинамаймыз, өздері салып берсін деп талап қоюда.

Әлішер Малғожаев, «Тұрмыс» ЖШС директорының экономика бойынша  орынбасары міндетін атқарушы:

Осында 6-7 ай болды жұмыс істеп жатқаныма. Көзге көрінген нәрсені халықпен ақылдасып, ортақ шешімге келеміз деп жатырмыз. Бірақ олардың ойлары тек қана "Тұрмыс" барлығын төлеу керек, ақшаны табу керек. Халықтың көпшілігі төлемейді. Мотор, насос деген сияқты. Оған ақша жиналмайды, сондықтан біз оны уақытылы қоя алмаймыз. 

Владимир Кадичника, қала тұрғыны:

Пусть они это все восстанавливают за свой счет. Не за нас, не за эксплуатационные, не за целевой сбор.

Мәселеге жергілікті билік араласуға мәжбүр болды. Есіл аудандық әкімдігі тартысты шешудің екі жолын ұсынды. Алдымен, Төтенше жағдайлар департаментінен ақша сұрау керек. Ол мекеме қаражат бөлмесе, қажет қаржыны тұрғындардың өздеріне жинауға тура келеді.

Русланбек Қайбақов, Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының бөлім жетекшісі:

Бірінші вариант - департамент ЧС-тен ақша алу. Содан қаржы бөліне ме, бөлінбей ме, келесі аптада шешеміз, целевой сбор - ол екінші.

Алайда мақсатты қаржы жинаудан тұрғындар үзілді-кесілді бас тартып отыр. Олардың айтуынша,  ақшаның қайда жұмсалғаны туралы «Тұрмыс» серіктестігі есеп бермейді. Ең қызығы - дәл осы 7-үйдегілер ыстық су үшін басқа тұтынушыларға қарағанда, артығымен төлейді.

Любовь Бисенбаева, қала тұрғыны:

Біздің үйде ыстық су тарифі қаладағы басқа үйлерден екі есе көп. Себебі "Тұрмыс" есептеуіш құралдың коммерциялық емес есебін бере алмай отыр.

Әділбек Жылқыбақов, қала тұрғыны:

"Тұрмыс" осы уақытқа дейін бір рет те қозғалып, тірлік істеген емес. Олар тек ақша жинауды біледі. Мәселен, мен өз пәтерім үшін ай сайын 3500 теңге төлеймін. Ешқандай қарызым жоқ. Бірақ "Тұрмыс", тым болмаса, бар нәрсені сақтап, соны қадағалауды да білмейді. 

Бұл үй негізі 2005-2007 жылдары мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылып, пайдалануға 2007 жылы берілген. Тұрғындардың айтуынша, кәсіби білімі жоқ құрылысшылар қайта-қайты ауысып, салдарынан үй сапасыз салынған.

Любовь Бисенбаева, қала тұрғыны:

Кез келген пәтерге кірейікші, өзіңіз көресіз. Бізде басынан еденде қабырғаға жабыстыратын кафель, ал қырағаштардың орнында қисық-қисық ағаш майлары болды. Ал кей үйлердің сантехникасы сынған, ал кейбірінде тіпті болмады.

Ия, расымен де тұрғызылғанына 10 жыл толмаған үйді жаңа үй деп айтуға ауыз бармайды. Үйдің кіре берісінің сыйқы мынау. Тозығы жеткен қабырға, сынған кафель, жамалған кәріз, су жүйелері. Тіпті, кей пәтерлердің есептегіш құралдары да жоқ. Ал тазалық туралы айтудың өзі ұят. Есіктің алдындағы мүгедектерге арналған пандус түгілі, баспалдақтың бар-жоғы түсініксіз. Қанша жылдан бері қордаланған мәселелерді ешкімнің қадағаламайтыны қынжылтады тұрғындарды.

3 сағатқа созылған жиын соңында ақыры екі тарап ортақ мәмілеге келе алмай тарқасты. Мәселенің қашан шешілетіні әзірге белгісіз. Ал оған дейін сусыз отырған тұрғындар жуыну үшін туыстарын жағалауға мәжбүр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ